ҚР Парламенті Мәжілісі Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - Қаржы министрі кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қызметке ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов бекітілді. Бұл талқылау Қаржы және бюджет бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің комитетінің отырысында «ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес қаралды.
ҚР Пермьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.
Нұрлан Алдабергенов Әлихан Смайыловтың қаржылық салада мол тәжірибесі бар екенін және қажетті басқару құзіреттеріне ие екенін атап өтті.
Мәжіліс Комитетінің мүшелері Ә. Смайыловақа бірнеше сұрақ қойды және талқылаудан кейін тиісті Тұжырымдама бекітті.
Құжатта ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің «ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі ұсынған Смайылов Әлихан Асханұлының кандидатурасын қарастырып, оны ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына ұсынуға болады деп есептейтіні айтылған.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
1993-1995 жылдары - «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 1996-1998 жылдары - ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1998 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында - ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.
1998-1999 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 1999-2003 жылдары - ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы. 2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында - ҚР Сыртқы істер вице-министрі. 2003-2006 жылдары - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары - ҚР Қаржы вице-министрі. 2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті. 2008-2009 жылдары - ҚР Қаржы вице-министрі. 2009-2014 жылдары - ҚР Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы. 2014-2015 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы. 2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді.
Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрі қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.