Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі қызметінде қалды.
Ол бұл қызметке жақында ғана тағайындалған болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын бекітіп, Ерлан Заманбекұлына өз қызметін жалғастыра беруді жүктеді.
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Заң ғылымдарының кандидаты, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.
Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.
1986 – 2002 жылдар аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
2002 жылғы ақпан - қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.
2002 жылғы қыркүйек - 2003 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
2003 жылғы сәуір – 2006 жылғы мамыр аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы.
2006 жылғы мамыр – 2006 жылғы шілде аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
2006 жылғы шілде – 2012 жылғы желтоқсан аралығында – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2012 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі.
І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.