Данияр Елеусинов АҚШ-та ем қабылдай бастағанын мәлімдеді

Данияр Елеусинов АҚШ-та ем қабылдай бастағанын мәлімдеді
Фото: Olimpic.kz

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы және кәсіпқой бокстан IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдай бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Спортшы АҚШ-қа отбасымен бірге жазда Астанада болған жанжалдан кейін кеткен. Ол кезде Елеусінов мас күйінде бірнеше жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Кейін боксшы АҚШ-та алкогольге тәуелділікпен күресіп жүргенін айтқан.

«Қазір ем қабылдауды бастадым. Бірақ бұл тек тамырға дәрі жіберу емес, толыққанды, кешенді ем. Менде бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан біреуді ренжіткеніме немесе ауыр сөздер айтқаныма назар аудармаңыздар. Кімнің басынан өтпейді? Менің жаман әдетім – эфирге шығу. Бірақ бұдан былай олай болмайды деп ойлаймын. Бұл дерттен арылуға шындап кірістім. Жақында қайта сапқа қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деді спортшы Instagram Stories-інде.

Елеусинов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-та өткізген. Ол филиппиндік Джеймс Бэконды техникалық нокаутпен жеңген.

Бұған дейін Данияр Елеусінов алкогольге тәуелді екенін мойындап, Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған