Freedom Inside '26

Жолаушылар ұшағы тас жолға құлап, өртеніп кетті

Жолаушылар ұшағы тас жолға құлап, өртеніп кетті
Фото: әлеуметтік желі

АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында Cessna Citation Latitude типті бизнес-джет тас жолға құлап, артынша өртке оранды, деп хабарлайды ult.kz.

Апат салдарынан бір адам көз жұмып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, NetJets компаниясына тиесілі ұшақ бортында алты адам болған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапса, қалған бес жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Ұшақ Ларедо халықаралық әуежайының маңында құлаған. Диспетчерлер ұшу кезінде бортта техникалық ақау тіркелгенін хабарлаған. Біраз уақыттан кейін әуе кемесімен байланыс үзіліп, ұшақ Loop 20 тас жолына құлап түскен.

Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін ұшақ өртеніп, айналадағылар зардап шеккендерді кабинадан шығаруға көмектескен. Кейбір адамдар терезені құралдардың көмегімен сындыруға тырысқан.

Ұшақтың бір бөлігі жолда келе жатқан көлікке де соғылған. Көліктегі адамдар аман қалғанымен, олар да ауруханаға жеткізілді. Құтқару жұмыстарына қатысқан бес полиция қызметкері түтінге улану белгілерімен медициналық көмек алған.