Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Nvidia басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кетті

Nvidia басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кетті
ашық дереккөз

АҚШ-тың технологиялық алпауыты Nvidia компаниясының директорлар кеңесі Дженсен Хуанг президент және бас директор қызметінен кеткенін жариялады. Ол директорлар кеңесінің құрамынан да шыққан. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Компания басшылығының міндетін уақытша атқару атқарушы вице-президент әрі қаржы директоры Колетт Кресске жүктелген.

Сонымен қатар Nvidia тарихында алғаш рет директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Харви Джонс келді.

Хуангтың отставкасы туралы хабар тарағаннан кейін компания акцияларының құны төмендеуін жалғастырды. Алдын ала сауда барысында Nvidia бағалы қағаздары 10 пайызға арзандаған.