Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) әзірлеген 2026 жылғы Саяхат және туризмді дамыту рейтингінде 110 елдің арасында 56-орынға ие болды, деп хабарлайды ult.kz.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан бірінші орынға шықты. Еліміз 4,09 балл жинап, әлемдік рейтингте 56-сатыға жайғасты.
Өңірлік рейтингте екінші орынды Өзбекстан иеленді. Көрші ел 3,69 балл жинап, әлем бойынша 76-орынға тұрақтады.
Ал Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға орналасты.
Айта кетейік, Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеуіне Тәжікстан мен Түрікменстан енгізілмеген.
Осылайша, Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті.