Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда балаларға арнайы SIM-карталар енгізілуі мүмкін: ата-аналар нені білуі керек?

Қазақстанда балаларға арнайы SIM-карталар енгізілуі мүмкін: ата-аналар нені білуі керек?
ашық дереккөзден

Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM-карталар енгізілсе, ата-аналар оларды қалай сатып ала алады? Бұл мәселе жөнінде журналистердің сұрақтарына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Юлия Овечкина жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, балаларға арналған SIM-картаны сатып алу тәртібі кәдімгі SIM-картаны сатып алумен бірдей болады. Оны ата-аналар рәсімдей алады.

Негізгі айырмашылығы – мұндай SIM-карталарда баланың белгілі бір интернет-контентке қол жеткізуін шектейтін арнайы сүзгі орнатылады. Сонымен қатар ата-аналар баланың интернетті пайдалануын бақылауға мүмкіндік беретін ата-ана бақылауы функциясын қолдана алады.

«Бұл кәдімгі SIM-картаны сатып алу сияқты қарапайым рәсім болады. Біздің болжамымыз бойынша, оны ата-анасы сатып алады. Бұл ішінде белгілі бір сүзгі орнатылған балаларға арналған SIM-карта болады», – деп түсіндірді Юлия Овечкина.

Журналистер арнайы SIM-карталарды сатып алу барлық ата-ана үшін міндетті бола ма деген сауал да қойды.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл мәселе әлі де қарастырылуы керек. Депутаттардың ұсыныстары зерделеніп, Үкіметтің тиісті қорытындысы дайындалғаннан кейін жаңа бастамаға қатысты толық ақпарат жарияланады.