16 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 444,40 теңге болды, деп хабарлайды ult.kz.
Бүгінге белгіленген ресми бағам бойынша АҚШ доллары — 444,30 теңге, еуро — 490,91 теңге. Ресей рублінің ресми құны 5,41 теңге болса, Қытай юані 66,59 теңге деңгейінде белгіленген.
Күндіз жарияланған мәліметке сәйкес, айырбастау орындарында долларды 444–445 теңгеден сатып алып, 445,50–446 теңгеден сатқан. Еуроны сатып алу бағасы 490–492 теңге, сату бағасы 493–498 теңге аралығында болды.
Ал Ресей рублін айырбастау орындары 5,17–5,20 теңгеден қабылдап, 5,22–5,26 теңгеден ұсынған. Қолма-қол валюта бағамы айырбастау орнына қарай ерекшеленеді әрі күн ішінде өзгеруі мүмкін.