Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі сыныптасына шабуыл жасады

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі сыныптасына шабуыл жасады

Астанадағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы пышақпен екі сыныптасына шабуыл жасаған. Зардап шеккен оқушыларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ult.kz.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан екі жоғары сынып оқушысы зардап шеккен. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Шабуыл жасаған кәмелетке толмаған оқушы профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды. Сондай-ақ оның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция өкілдері білім беру мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымының әрекетіне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар оқиғаның туындауына себеп болған жағдайлар мен факторларды жою мақсатында Астана қаласының Білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар жолданған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.