Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

АҚШ-та танкер круиздік кемемен соқтығысып, оны аударып жіберді

АҚШ-та танкер круиздік кемемен соқтығысып, оны аударып жіберді
әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан алынған скриншот

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы Миссисипи өзенінде танкер айлақта тұрған American Heritage круиздік кемесімен соқтығысты, деп хабарлайды ult.kz.

Қатты соққыдан жолаушылар кемесі алдымен бір бүйіріне қарай қисайып, кейін аударылып, жартылай суға батқан.

Оқиға салдарынан 32 адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кемеде шамамен 180–190 адам болған. Олардың ішінде 129-ға жуық жолаушы мен экипаж мүшелері бар.

Алдын ала болжам бойынша, танкердің рульдік басқару жүйесіндегі ақауға байланысты кеме басқарудан шығып кетуі мүмкін.