15 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада түнде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −1…−3, күндіз 0…+2 градус шамасында сақталады. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматыда күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр күтіледі. Түнде ауа температурасы −1…−3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +5…+7 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +11…+13 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады.
Батыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Өзге аймақтардың басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанған. Түнгі және таңғы тұман жолдағы көрінуді нашарлатуы мүмкін. Көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтық сақтаған, ал жаяу жүргіншілерге абай болған жөн.