14 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
Астанада күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы −2…−4, күндіз 0…+2 градус шамасында сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде −3…−5 градус аяз болып, күндіз +5…+7 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…+1, күндіз +10…+12 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрді құрайды.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, жаңбыр мен көктайғақ күтіледі. Түнде 0…−5, күндіз −2…+3 градус болады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Алматы облысының тауларында қар жауып, тұман түседі, жолдар тайғақ болады. Тауда түнде −11…−16, күндіз −1…−6 градус аяз күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге жетеді.