Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда тұрғылықты жер бойынша тіркеу ережесі өзгереді

Алматыда тұрғылықты жер бойынша тіркеу ережесі өзгереді
egemen.kz

Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Жаңа жобаға сәйкес, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге тұрғын үй аумағының нормативіне қатысты шектеулер қолданылмайды, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы қаласының мәслихаты тиісті шешім жобасын әзірлеп, құжатты «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Жоба сипаттамасында бұл өзгеріс 2026 жылғы 14 қыркүйекте «Халықтың көші-қоны туралы» заңға енгізілген түзетулерге байланысты әзірленгені айтылған.

Құжатта ұсынылып отырған өзгерістердің әлеуметтік тұрғыдан кері салдары болмайтыны да көрсетілген.

Шешім жобасын талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.