Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмханада жарылыс болды: екі адам зардап шекті

Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмханада жарылыс болды: екі адам зардап шекті
видеодан скриншот

13 қараша күні сағат 10:28 шамасында Тәуелсіздік даңғылындағы дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Дәмхана бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жарылыстан кейін ғимаратқа жапсарлас салынған құрылыс бөлігі қирап, өрт шыққан. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезелері зақымданған. Әлеуметтік желілерде ғимараттан қою түтін көтерілген сәт түсірілген кадрлар тарады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 10:53-те толық сөндірілген. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнына ТЖД-ның 45 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.