Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

13 қарашада ауа райы қандай болады?

13 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей өңірлерде көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы күтіледі. 

Алматыда жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 5–7 градусқа дейін жылынады. 

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 1–3 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы болады. 

Қазгидрометтің 12–14 қарашаға арналған болжамына сәйкес, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын, шығыста жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Осы күндері солтүстікте түнгі температура 2–10 градус, орталық пен шығыста 5–15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста күндіз ауа 8–17 градусқа дейін жылынады.