Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бүгін валюта бағамы қанша болды?

Бүгін валюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалған

Қазақстан Ұлттық банкі 12 қарашаға арналған ресми валюта бағамын жариялады. АҚШ доллары 444,76 теңге, еуро 495,37 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Ресей рублінің ресми бағамы – 5,37 теңге. Қытайдың бір юані 66,68 теңгеге тең.

Британ фунты 592,33 теңге деңгейінде белгіленді. Швейцария франкінің құны 536,57 теңге болды.

Көршілес елдердің валюталарына келсек, Қырғызстанның бір сомы 5,09 теңге тұрады. Өзбекстанның 100 сумы 3,72 теңгеге бағаланды.

Түркияның бір лирасы 8,85 теңге, ал Біріккен Араб Әмірліктерінің бір дирхамы 121,10 теңге болды. Көрсетілген сандар – ресми бағамдар, банктер мен ақша айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағасы өзгеше болуы мүмкін.