Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ұшақтарға құстар қауіп төндіріп отыр: Қазақстанда қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Ұшақтарға құстар қауіп төндіріп отыр: Қазақстанда қауіпсіздік мәселесі талқыланды
ашық дереккөз

Әуежай маңында құстардың көп болуы ұшақтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Air Astana өкілдерімен кездесіп, әуе кемелерінің құстармен соқтығысу қаупін азайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ult.kz.

Кездесуде Air Astana компаниясы ұшақтардың құстармен соқтығысуына қатысты статистиканы ұсынып, күнделікті жұмыста кездесетін негізгі проблемаларды атады.

Тараптар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тәуекелдерді бағалау тәсілдерін жетілдіру, деректерді жинау және оқиғалар туралы ақпарат берудің бірыңғай форматын әзірлеу қажеттігін сөз етті.

Сондай-ақ құстардан туындайтын қауіптерді басқару жөніндегі Ұлттық комитеттің алдағы отырысына дайындық мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында авиациялық әкімшілік, әуе компаниялары мен әуежайлар бірлесіп жұмыс істеуі керек екені айтылды. Негізгі мақсат – құстармен соқтығысу қаупін азайтып, Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін арттыру.