Әнші Мақпал Жүнісова жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алып, Көктөбе мешітінде Құран оқытты. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мешіттен жазба бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
“Көктөбе мешітінде Асылхан қажымен. Оқытылған Құранымызды қабыл етсін”, – деп жазды әнші.
Бүгін, 12 қарашада мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 21 жыл толды. Ол 2005 жылғы 12 қарашада Алматыдағы үйінде қаза тапқан.
Заманбек Нұрқаділов әр жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысын басқарған, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарған.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова әділетсіздікке ұшырағанын айтты.
Мақпал Жүнісова кім?
Мақпал Жүнісова — қазақ эстрадасының танымал әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Толық аты-жөні — Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова. Ол 1964 жылғы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Теректі ауылында дүниеге келген.

Өнер жолын «Гүлдер» ансамблінде бастаған. Кейін «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Назерке» ансамблін ұйымдастырған. Оның орындауындағы «Ғашық жүрек», «Қыз ғұмыр», «Фариза қыз», «Қоштасу» әндері тыңдарманға кеңінен таныс. Қуатты дауысы мен өзіндік орындау мәнері арқылы қазақ сахнасында ерекше орын алған.

Әнші 1994 жылы Қазақстанның халық әртісі атанып, 1999 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.