2026 жылғы 11 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Орыншиевті ұстады. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған тұлғалар және басқа да азаматтар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.
ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.