Қазақстандық блогер Елдос Қадірханов көптен күткен ұлының тұңғыш туған күнін атап өтіп, перзентіне ақ тілегін арнады, деп хабарлайды ult.kz.
Блогер әке атанғалы өмірге деген көзқарасы өзгергенін жеткізді. Оның айтуынша, ұлының дүниеге келуі отбасына қуаныш сыйлап, ерлі-зайыптыға ата-ана болудың бақытын сезіндірген.
“Сен өмірімізді өзгерттің, бізді де өзгерттің. Сен бізге “Әке” мен “Ана” деген атақ бердің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын! Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір”, – деп жазды ол.
Елдос Қадірханов ұлының қызығын ұзақ жыл көруді армандайтынын да айтты. Ол баласының елу жасқа толған мерейтойында да жанында болып, оған арнап ән айтқысы келетінін жеткізді.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі жаңа өмірге дайындалып жатқанын айтты.
Елдос Қадырханов кім?
Елдос Колобок — қазақстандық блогер, әзілкеш әрі асаба. Шын аты-жөні — Елдос Қадырханов. Көпшілік оны әлеуметтік желі арқылы «Колобок» лақап атымен таниды. Той жүргізіп, түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетеді.

Жұбайының есімі — Таңшолпан. Ерлі-зайыпты он жылдан астам уақыт сәби күтіп, 2025 жылы ұлды болды.

Баласына Әлем деген есім қойған. Ұлы 2025 жылғы 12 қарашада дүниеге келген.