Танымал продюсер Мөлдір Мұқан жаңа баспанасындағы жөндеу барысын көрсетіп, шаңырағына қатысты арманын бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Продюсер үйді жабдықтағанда әдемілігімен қатар, сапасы мен қолайлылығына да көңіл бөліп жатқанын айтты. Ол балалары еркін өсіп, өзін жайлы сезінетін жылы ұя жасауды көздейді.
“Иә, бұл менің кеңістігім. Жаңа үйімнің әр бөлшегіне назар аударып, үлкен ықыласпен жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының бүгінгі күйін көрсеткім келіп тұр. Бұл расымен жай ғана жөндеу емес, біраз жылдарға сапалы әрі жайлы жағдай, балаларым үшін ыстық ұя болса екен деген ниетпен жасалып жатқан еңбек”, – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Оның айтуынша, баспананың интерьер жобасы алдын ала әзірленген. Қазір сол жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өнер иесі алдағы уақытта үйдің қалай өзгеріп жатқанын оқырмандарына апта сайын көрсетіп отыруы мүмкін екенін де жеткізді.
Мөлдір Мұқан осы іске атсалысып, қолдау білдірген жандарға алғысын айтып, көпшілікке де баспаналы болуды тіледі.
“Армандаған үйлеріңіз, сіз ойлағаннан да жайлы болсын, достар. Жанымнан табылған жақсы адамдарым, рақмет. Жаңа үйімдегі жайлылықты асыға күтудемін”, – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов жұбайы Айманмен бірге ортаға шығудан бас тартты.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан — қазақстандық продюсер, әнші, актриса әрі блогер. Өнерге бала кезінен жақын болып, бауырларымен бірге «Мұқановтар» отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Өзінің айтуынша, шығармашылыққа ден қойғанға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

Кейін балаларға арналған «ММ» өнер мектебін ашып, жас таланттарды тәрбиелеуге атсалысқан.

Продюсер ретінде әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген. Өзі де «Өтірік», «Өмір сүр қалма елден» әндерін орындап, «Шай в большом городе» фильміне түскен.