Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында Тұрсынбек Қабатовқа қатысты айтылған әзіл жұртты күлдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Кешті жүргізген асаба әзілкештің жұбайы Айман Талғатқызын ортаға шақырып, сайысқа қатысуды ұсынған. Артынша Тұрсынбектің де жарының жанына келуін сұрағанымен, ол ортаға шығудан бас тартқан.
Осы сәтті асаба әзілге бұрып: “Халық екеуін бөлек жүр деп ойласын деген ғой”, - деп қалжыңдаған. Оның сөзіне қонақтар ду күліп жіберген.
Айман 10 деген сан таңдайды. Бірақ ол ұяшықтан ештеңе шықпайды. Сонда асаба "Бастысы сізде Тұрсынбек бар" деп тағы әзілдейді.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі қайынатасының туған күнінде ерекше тілек айтты.
Тұрсынбек Қабатов кім?
Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық әзілкеш, актер және тележүргізуші. Ол күнделікті тіршіліктегі қызықтарды, отбасылық қарым-қатынас пен қоғамдағы түрлі мінездерді әзілмен жеткізу арқылы танылған.

Өнер жолында КВН сахнасында көрініп, кейін жеке әзіл кештерімен кең аудиторияға таныла түсті. Көпшілік оны “Әзіл әлемі”, “Көңілді тапқырлар алаңы” және “Өнер қырандары” жобалары арқылы да біледі.

Оның сахнадағы ерекшелігі — қарапайым оқиғаны әсерлі баяндап, кейіпкерлердің мінезін қимылымен, дауысымен аша білуі.