Дөңгелек арамен жұмыс істеу кезінде оның оң қолының төрт саусағы кесіліп кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Петропавл қаласында жиһаз цехында жұмыс істейтін 30 жастағы ер адамның төрт саусағы кесіліп қалды.
Оқиға 11 қарашада болған. Ер адам дөңгелек арамен жұмыс істеп жатқан кезде абайсызда жарақат алып, нәтижесінде оң қолының төрт саусағынан айырылған.
Зардап шеккен азамат көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың есі анық, жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.