Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бүгін валюта бағамы қанша болды?

Бүгін валюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

11 қарашада Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 444,82 теңге болды. АҚШ валютасы алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 2,40 теңгеге арзандады, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы бойынша бір доллар — 447,52 теңге, еуро — 502,21 теңге. Ресей рублінің бағамы 5,41 теңге, Қытай юані 67,09 теңге болып белгіленді. Ресми бағам мен ақша айырбастау орындарындағы баға бір-бірінен ерекшеленеді. 

Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды тұрғындардан орта есеппен 443 теңгеден қабылдап, 450 теңгеден сатқан. Еуроны сатып алу бағасы 495 теңге, сату бағасы 505 теңге болған. Ресей рублі тиісінше 5,07 және 5,27 теңгеден айырбасталған. 

Алматыда долларды сатып алу бағасы орта есеппен 445,34 теңге, сату бағасы 447,22 теңге болды. Еуроны айырбастау орындары 495,91 теңгеден қабылдап, 500,71 теңгеден ұсынған. Рубльді сатып алу бағасы 5,13 теңге, сату бағасы 5,25 теңге деңгейінде қалыптасты. 

Шымкентте доллар орта есеппен 444,62 теңгеден сатып алынып, 447,50 теңгеден сатылған. Еуроның сатып алу және сату бағасы 496 және 500,89 теңге, рубльдікі 5,15 және 5,23 теңге болды. Айырбастау бағамдары күн ішінде өзгеретіндіктен, нақты соманы әр пункттен алдын ала анықтаған жөн.