Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік саланы жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.
Жиынға қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы реформалардың маңызы мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта саланы дамыту бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері сөз болды.
Ал Теректі ауданы тұрғындарымен кездесуде азаматтардың күнделікті өміріне қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру, халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде пікір алмасты.
Мәжіліс депутаттары тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелердің назарға алынатынын атап өтті. Мұндай кездесулер халықпен тікелей диалог орнатып, өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.