Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Саябақта құрдастарына шабуыл жасаған екі жасөспірім ұсталды

Саябақта құрдастарына шабуыл жасаған екі жасөспірім ұсталды
gov.kz

Ақтөбеде 16 жастағы екі жасөспірім құрдастарына шабуыл жасап, ұялы телефондары мен күртесін тартып алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 1 қарашаға қараған түні қаладағы саябақтардың бірінде болған. Полиция мәліметінше, жасөспірімдер серуендеп жүрген екі құрдасын күш қолданумен қорқытып, жеке заттарын ашық түрде тартып алған.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел-іздестіру шаралары барысында көп ұзамай ұстады. Олардың екеуі де Ақтөбе қаласының тұрғындары әрі жергілікті колледж студенттері екені анықталды.

Жасөспірімдер кінәсін мойындаған. Тоналған заттар толықтай тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұл әрекет үшін мүлікті тәркілеу және жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.