Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Қызыл-Жардың» бұрынғы президентіне іздеу жарияланды: 414 млн теңге жымқырды деген күдік бар

«Қызыл-Жардың» бұрынғы президентіне іздеу жарияланды: 414 млн теңге жымқырды деген күдік бар
Ашық дереккөзден

«Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды. Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ult.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлддіметінше, 2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

Тергеу нұсқасы бойынша, Григорий Лория клубтың бас бухгалтерімен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қаржылық құжаттарды қолдан жасаған. Сондай-ақ бюджет қаражатын жеке шоттарға негізсіз аудару схемасын ұйымдастырған деген күдік бар.

Бұдан бөлек, бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтер енгізілгені анықталған. Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры мен ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

Қазіргі уақытта күдіктінің жүрген жері анықталып жатыр.