Қаскелең қаласында жалаңаш ер адам мектеп ғимаратына терезе арқылы кіріп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға сәрсенбі күні Отарвановка шағынауданындағы Әлімқұлов атындағы мектепте болған. Желі қолданушылары мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, білім ордасындағы күзет пен ғимаратқа кіруді бақылау жүйесінің қалай ұйымдастырылғанын тексеруді талап етті.
Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар тергеу аясында күдіктінің психикалық денсаулығына қатысты сараптама тағайындалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр.