Алматының Алатау ауданында екі ер адам интимдік қызмет көрсетуге уәде берген қызға алданып қалғанын айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушілердің айтуынша, олар интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, қызбен кездесуге келіскен. Кездесу қонақүйлердің бірінде өткен.
Алайда келісілген ақшаны алған қыз біраз уақытқа шығып келетінін айтып, ер адамдардан күте тұруды сұраған. Бірақ содан кейін ол қайта оралмаған.
Өздерін алдандық деп санаған ер адамдар қызды өз бетінше іздеуге кіріскен. Көп ұзамай оны шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып, полиция шақырған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Тараптардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.