«Миллион» командасы арқылы танылған әзілкеш, Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті Мансар Орынхан отбасына қатысты әңгімеге жауап берді. Ол жұбайымен арадағы мәселе шешілгенін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Мансардың сөзінше, жұбайы ренішін әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін, отбасындағы жағдай көпшіліктің талқысына түскен.
“Бізде бәрі дұрыс, бәрі шешілді. Жас отбасы болған соң, ондай жағдайлар болып тұрады. Әйел адам эмоцияға беріліп, ренішін әлеуметтік желіге жазған. Оны адамдар әрі қарай өрбітіп жіберді”, – деді Мансар Орынхан.
Бұған дейін оның жұбайы Нұрайым Халила Instagram парақшасында күйеуінің алты күн бойы үйге қонбағанын және өзін барлық байланыс арнасында бұғаттап тастағанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Сондай-ақ ол үш баласымен тұратын баспананы өздеріне қалдыруды сұрап, үйден кетпейтінін жеткізген.
Айта кетейік, Елдос “колобоктың” ұлы бір жасқа толды.
Мансар Орынхан кім?
Мансар Орынхан — қазақстандық әзілкеш, актер әрі блогер. Көпшілікке «Жайдарман» ойындарындағы «Миллион» командасының мүшесі ретінде танылған. Әлеуметтік желіде де белсенді.

2026 жылы Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласына жауапты вице-президенті болып тағайындалды. Бұл қызметте күресті насихаттау, федерацияның ақпараттық жұмысын дамыту және спорттың қоғамдағы беделін арттыру бағытында жұмыс істейтінін айтқан.

Жұбайы — Нұрайым Халила. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.