Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қайрат Нұртас бейтаныс қызбен көзге түсті

Қайрат Нұртас бейтаныс қызбен көзге түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Қайрат Нұртастың мойнынан құшақтаған бойжеткеннің видеосы әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Той үстінде түсірілген кадрға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі мұны жақын адамның еркелігі деп қабылдаса, енді бірі бойжеткеннің кім екенін сұраған.

Белгілі болғандай, видеодағы ару – әншінің қарындасы. Көпшіліктің назарын аударған көрініс оның ағасына еркелеген сәті екен.

Айта кетейік, Елдос Колобок ұлының тұсаукесер тойын жасады. 

Қайрат Нұртас кім? 
 

Қайрат Нұртас — қазақ эстрадасының танымал әншісі, продюсер әрі актер. Толық аты-жөні — Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков. 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Өнерге бала кезінен қызығып, сахнаға ерте шыққан. Әншілік жолында анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың қолдауы үлкен рөл атқарған.

Қайрат Нұртас махаббат, сағыныш, отбасы мен адам сезімін арқау еткен әндерімен тыңдарманға танылды. Репертуарында баяу лирикалық шығармалар да, ырғақты әндер де бар. Ол жеке концерттер өткізіп, еліміздің түрлі өңірінде өнер көрсетіп келеді. Әндері тойларда, мерекелік кештерде жиі орындалады. Әр жылдары отандық өнерпаздармен дуэттер ұсынып, бейнебаяндар түсірген.

Әнші кино саласында да бағын сынаған. “Өкініш” және “Арман. Періште ұйықтағанда” фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Жұбайы — актриса Жұлдыз Әбдікәрімова. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп отыр.