Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мейрамбек Бесбаев аукционға қойылған домбырасына қатысты пікір білдірді

Мейрамбек Бесбаев аукционға қойылған домбырасына қатысты пікір білдірді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойында домбырасының аукционға шығарылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Мерейтойда өнер иесінің домбырасы 15 миллион теңгеге сатылған. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әншіні “домбырасын сатты” деп сынағандар болған.

Бесбаевтың айтуынша, достары аукционды ақша жинау үшін ұйымдастырмаған. Олар тойға келген жұрттың көңілін көтеріп, кеш есте қалсын әрі ұлттық аспаптың қадірі артсын деген ниетпен осындай қадамға барған.

“Жігіттер домбыраның қадірін көтергісі келді. Әйтпесе, сол ақшадан ақша алады дейсіңдер ме немесе домбыраны сатып, ақшасына мейрамхананың шығынын жауып алады дейсіңдер ме? Ондай жоқ қой”, – деді әнші.

Өнер иесі ортасында мұндай соманы бере алатын мәрт азаматтар бар екенін де айтты. Алайда аукционның түпкі мақсаты той шығынын өтеу емес, көпшілікке ерекше әсер сыйлау болғанын жеткізді.

Айта кетейік, Жанар Айжанова бұрынғы күйеуі туралы сыр ашты.

Мейрамбек Беспаев кім? 

Мейрамбек Бесбаев — қазақ эстрадасының танымал әншісі, “МузАРТ” тобының мүшесі.

1975 жылы 7 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ән айтып, “Бозторғай” әнімен көпшілікке танылған. Кейін Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге “МузАРТ” тобының құрамында өнер көрсетіп, тыңдарман ықыласына бөленді. Репертуарында халық әндері мен лирикалық туындылар бар.