Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Ағасындай легенда болсын”: Елдос Колобок ұлының тұсаукесер тойын жасады

“Ағасындай легенда болсын”: Елдос Колобок ұлының тұсаукесер тойын жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Блогер Елдос Колобок ұлының тұсаукесер рәсімінен жазба жариялап, ақ тілегін арнады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол баласының болашағына қатысты ниетін айтып, әнші Қайрат Нұртасты үлгі еткен.

“Тұсаукесер рәсімі. Қайрат Нұртас ағасындай басынан бағы таймайтын “ЛЕГЕНДА” болсын деп ниет еттік.Қадамы құтты болсын деп тілек білдіріп қойыңыздар”, – деп жазды блогер.

Елдос оқырмандарынан ұлының қадамына құт тілеп, ақ батасын беруді сұрады.

Айта кетейік, Елдос “колобоктың” ұлы бір жасқа толды.

Қайрат Нұртас кім? 
 

Қайрат Нұртас — қазақ эстрадасының танымал әншісі, продюсер әрі актер. Толық аты-жөні — Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков. 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Өнерге бала кезінен қызығып, сахнаға ерте шыққан. Әншілік жолында анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың қолдауы үлкен рөл атқарған.

Қайрат Нұртас махаббат, сағыныш, отбасы мен адам сезімін арқау еткен әндерімен тыңдарманға танылды. Репертуарында баяу лирикалық шығармалар да, ырғақты әндер де бар. Ол жеке концерттер өткізіп, еліміздің түрлі өңірінде өнер көрсетіп келеді. Әндері тойларда, мерекелік кештерде жиі орындалады. Әр жылдары отандық өнерпаздармен дуэттер ұсынып, бейнебаяндар түсірген.

Әнші кино саласында да бағын сынаған. “Өкініш” және “Арман. Періште ұйықтағанда” фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Жұбайы — актриса Жұлдыз Әбдікәрімова. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп отыр.