Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақ бортында жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақ бортында жолаушыға медициналық көмек көрсетті
видеодан скриншот

Астана–Тараз бағытындағы әуе рейсі кезінде Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың көмегімен жағдайы күрт нашарлаған жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ult.kz.

Ұшу барысында 38 жастағы Ресей азаматының денсаулығы кенеттен нашарлаған. Әйелдің әлсіздігі күшейіп, жүрегі айнып, қан қысымы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған.

Ұшақ бортында басқа медицина қызметкері болмағандықтан, білікті дәрігер Манас Рамазанов бірден көмекке кіріскен. Ол жолаушының қан қысымын өлшеп, жағдайын бағалап, қажетті медициналық көмек көрсеткен.

Нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып, есін жиған.

Сонымен қатар вице-министр Тараз әуежайына жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Ұшақ қонған соң жолаушы медицина қызметкерлеріне тапсырылып, әрі қарай тиісті көмек алуына жағдай жасалған.