Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Бұл басы ғана”: Дариға Бадықова Айшолпан Байтүгелге сый жасады

“Бұл басы ғана”: Дариға Бадықова Айшолпан Байтүгелге сый жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Дариға Бадықова мен Айшолпан Байтүгел Instagram парақшаларында бірлескен жаңа видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды ult.kz.

Екеуінің жарасымды образы мен өзара үйлесімі желі қолданушыларының назарын аударды.

Пікір қалдырғандар әсіресе Дариғаның мысы басым екенін айтып, актрисаның харизмасын ерекше атап өткен. Сондай-ақ екеуінің бет-әлпеті мен қимылынан ұқсастық байқағандар да аз емес. Оқырмандар олардың бірлескен жұмысын жылы қабылдап, осындай видеоларды жиі жариялауын сұраған.

Кездесу барысында Дариға Айшолпанға сыйлық жасаған. Айшолпан "бәрі сізді қолы ашық адам деуші еді. Рас екен” деп қуанады. 


Айта кетейік, Дариға Бадықованың экс-жары Дархан Мұсаев қуанышты жаңалығын айтты.

Дариға Бадықова кім? 
 

Дариға Бадықова — қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер. Көпшілікке «Келінжан» телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы кеңінен танылды. Әзілге жақын кейіпкерлерді шынайы сомдап, көрермен ықыласына бөленген.

Кейін кино өндірісіне араласып, «Таптым-ау сені» фильмінде продюсер әрі басты рөлді сомдаушы ретінде көрінді. 

Өнер иесі Instagram парақшасында шығармашылық жаңалықтарын, күнделікті өмірінен үзінділер мен әзіл видеоларын бөлісіп тұрады.