Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың “Сүйемін деші” фильмі 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Шығармашылық топтың таныстыруынша, туындыда махаббат пен сағыныш, әзіл мен тосын оқиғалар тоғысады. Фильм 16 жастан асқан көрермендерге арналған.
Басты рөлдерді Тұңғышбай Жаманқұлов, Ақниет Орынтай, Әмірхан Оразбақ, Эльмира Қалбай, Қуандық Жүнісов, Әшім Ахмет және Құндыз Уәлиханқызы сомдаған.
Картинаның қоюшы режиссері — Ардақ Бәлтаев. Сценарийін Ардақ Бәлтаев, Олжас Рахымғазы және Нұрсұлтан Тұрсынов жазған. Дархан Мұсаев жобаға Олжас Рахымғазымен бірге продюсер ретінде қатысқан. Бас продюсері — Хайрол Мархаба.
Туындының қоюшы операторы — Мейірлан Ашеков, ал музыкасын Ербол Нариманұлы жазған.
Айта кетейік, Дариға Бадықова жан сырын ақтарды.
Дариға Бадықова кім?
Дариға Бадықова — қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер. Көпшілікке “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы кеңінен танылған. Кейіпкерінің мінезін, әзілін және ауыл тұрмысын шынайы жеткізуімен көрермен ықыласына бөленді.

Актрисалық қызметімен қатар кино өндірісінде де еңбек етіп, “Таптым-ау сені” жобасына продюсер әрі басты рөлді сомдаушы ретінде қатысты.
Әлеуметтік желіде шығармашылығы мен күнделікті өмірінен жаңалықтар бөлісіп отырады.