“Өзімді қорғап жүруден шаршадым”: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

“Өзімді қорғап жүруден шаршадым”: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықова өзіне жылулық пен қамқорлық жетіспегенін айтып, жеке өміріндегі сезімдерімен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің айтуынша, көпшіліктің ықыласына бөлену адамның жеке өміріндегі махаббат пен қолдаудың орнын толтыра бермейді. Экранда түрлі образды сомдап жүргенімен, күнделікті өмірде оның да шешімін таба алмайтын мәселелері, қиналатын кездері бар.

“Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат”, – деді актриса.

Дариға Бадықова біреудің қамқорлығын сезініп, арқа сүйегісі келгенін де жасырмады. Ол үнемі өзін қорғауға мәжбүр болудан шаршағанын жеткізді.

“Мен жылулық, қамқорлық, қорғаныс іздедім. Өзімді қорғап жүруден шаршадым. Бірақ қорғанып жүрсем де, маған оқ тиетінін түсіндім”, – деп бөлісті өнер иесі.

Айта кетейік, 

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова — қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер. Ол 1980 жылғы 3 қаңтарда Түркістан облысының Абай ауылында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында еңбек еткен.

Көпшілікке “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы кеңінен танылды.

Комедиялық образдарымен көрермен ықыласына бөленген актриса кино өндірісінде де бағын сынады. “Таптым-ау сені” фильмінде басты рөлді сомдап, продюсері болды. Шығармашылық жұмыстарымен қатар, әлеуметтік желіде өмірі мен өнеріне қатысты ойларын бөлісіп тұрады.