Төреғали Төреәлінің жазбасы елді таңырқатты

Төреғали Төреәлінің жазбасы елді таңырқатты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Төреғали Төреәлі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы әзіл аралас жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі Threads парақшасында ер адамның әйеліне бағынуына қатысты ойын қысқа қайырған.

“Ақылды еркек әйеліне бірден бағынады, ал ақымақ еркек бірте-бірте бағынады”, – деп жазды әнші.


Жазбаға 17,5 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 331 пікір қалдырылған. Сондай-ақ оны бөлісу көрсеткіші 4,9 мыңға жеткен.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Меккеде жұбайына сезімін білдірді. 

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі — қазақстандық эстрада әншісі, ақын әрі актер. Ол 1992 жылғы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Өнер жолын айтыстан бастап, кейін эстрадаға бет бұрған. Көпшілік арасында “Ұлы дала баласы” деген атпен танымал.

Репертуарында махаббат, туған жер және отбасы тақырыбындағы әндер бар. Әнші Төреәлі Төлепәлімен бірге орындаған “Алло” әні арқылы да тыңдарман ықыласына бөленді.

Кино саласында бағын сынап, “Ұлы дала комедиясы” фильмінде басты рөлді сомдаған. Жұбайы — Толқын Тұрарбекқызы.