Олжас Абай анасының Дариғаны келін ретінде қалай қабылдағанын айтты

Олжас Абай анасының Дариғаны келін ретінде қалай қабылдағанын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен шаңырақ көтергенін отбасы қалай қабылдағанын және бұрынғы жұбайы Аймира Аманмен қазіргі қарым-қатынасын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жақындары оның үйленгеніне қуанып, Дариғаны жылы қабылдаған. Актер біраз уақыт жалғыз жүргендіктен, отбасы оған алаңдағанын жеткізді.

“Үйдегілер қуанып қалды. Өте жақсы қабылдады. Жалғыз жүргенімнен бәрі қорыққан ғой. Соңғы уақыттарда достарымның тойына да бармай қойып едім”, – деді Олжас Абай.

Сондай-ақ актер екі баласының анасы Аймира Аманмен арадағы қарым-қатынасына тоқталды. Ол бұрынғы отбасына қатысты міндеттерін атқарып жүргенін, әкелік жауапкершілігін назардан тыс қалдырмағанын айтты.

“Барлығы жақсы. Осындай дүние, осындай той жасап отырып, бір жағым жақсы, екінші жағым ақсап тұрған жоқ. Бәрі реттеулі. Әкелік парызым, бәрі өз орнымен. Ол жақта ешқандай қиындық жоқ”, – деді актер.

Айта кетейік, Дариға Бадықова өткенін айтып, көз жасына ерік берді.

Олжас Абай кім? 
 

Олжас Абай — қазақстандық театр және кино актері, әнші. Ескелді ауданындағы Нұрмолда Алдабергенов ауылында дүниеге келген.

Өнер иесі әншілік ортада “Очоу” лақап атымен де танылған. Сұхбатында актерлікті ешбір мамандыққа айырбастай алмайтынын айтқан.

2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітірген. Көрерменге “Қара шаңырақ” телехикаясы арқылы таныла бастаған. Кейін “Бәсеке”, “Әулет” жобаларына қатысқан. Актерлікпен қатар ән шығарып, орындаушылықпен де айналысқан.