Әнші Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтің өзіне көрсеткен құрметін еске алып, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі оның көрермендерге гүл таратқан сәті жадында қалғанын айтты. Әншінің сөзінше, сол кезде тыңдармандары да Атхамбектің оған деген ықыласына сүйсінген.
“Көрермендеріме келіп гүл таратып едіңіз. Солар “Атхамбек сізді қалай жақсы көреді” деп тамсанған. Біз сізді қатты сыйлаймыз. Осы жерге шақырту алғанда еш ойланбастан барамын дедім. Бәрі есімде. Сахнада қолыма келіп алтын браслет таққаныңыз да есімде”, – деді Мақпал Жүнісова.
Әнші осылайша шақыртуды бірден қабылдауына арадағы сыйластық себеп болғанын жеткізді.
Өз кезегінде Атхамбек Юлдашев те әншіге құрметін білдірді. Ол Мақпал Жүнісованы жақсы көрмеу мүмкін емес екенін айтып, өнеріне бас иетінін жеткізді.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова ерекше кездесуін бөлісті.
Атхамбек Юлдашев кім?
Атхамбек Юлдашев — Қазақстан жұртшылығына да таныс өзбек әншісі. Ол қазақ өнерпаздарымен араласып, еліміздегі концерттер мен мерекелік кештерге қатысып жүрген.

2024 жылы Мақпал Жүнісованың мерейтойлық концертінде сахнаға шығып, әншіге гүл мен торт ұсынып, қолына алтын білезік таққан. Мақпал Жүнісова сөзінде осы оқиғаны еске алып отыр.

Сондай-ақ 2024 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің оған “Cadillac Escalade” көлігін сыйлағаны туралы ақпарат жарияланған.