Әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жасына арнап домбыра пішініндегі ерекше торт әзірленді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі торттың дәмін алдымен жанында тұрған, өзімен бір күнде туған бірнеше адамға татқызды. Әрқайсысына өз қолымен ауыз тигізген әнші содан кейін ғана өзі дәмін көрді.
Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын кең көлемде атап өтті. Өнер және шоу-бизнес өкілдері жиналған кеште әндер шырқалып, мерейтой иесіне ақ тілектер айтылды.
Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев мерейтойында кенже қызын көпшілікке көрсетті.
Мейрамбек Беспаев кім?
Мейрамбек Беспаев — қазақ эстрадасының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “МузАРТ” тобының мүшесі. Ол 1976 жылы 7 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.

Өнерге бала кезінен араласып, “Бозторғай” әнін орындауымен көпшілікке танылды. Оның бала күнгі орындауы әншінің шығармашылық жолындағы ерекше белестердің бірі болды.

Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге “МузАРТ” тобында өнер көрсетеді. Топтың орындауындағы әндер тыңдарман арасында кеңінен таралған. Әнші жеке шығармашылығында да лирикалық туындылар мен халық әндеріне орын береді. Ол қоңыр дауысы және ұлттық нақыштағы орындау мәнерімен танымал.