Мейрамбек Беспаев мерейтойында кенже қызын көпшілікке көрсетті

Мейрамбек Беспаев мерейтойында кенже қызын көпшілікке көрсетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын туған-туыстары мен өнердегі әріптестерінің ортасында атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Әншінің отбасылық қуанышына арналған салтанатты кешке өнер және шоу-бизнес өкілдері жиналды.

Мерейтой қонақтарының қатарында әнші Нұрлан Абдуллин, продюсер Гүлзира Айдарбекова, әзілкештер Марат Омар мен Нұржан Төлендиев болды. Өнер иелері бас қосқан думаннан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды.

Кештегі ерекше сәттердің бірі – Мейрамбек Беспаевтың кенже қызымен бірге көрінуі. Әнші мерейтойында кішкентай қызын көпшілікке таныстырып, отбасымен бірге суретке түсті.

Тараған кадрларда өнер иесінің қызын қолына көтеріп тұрғанын көруге болады. Қасында жұбайы да бар. 
Айта кетейік, Заттыбек шу болған домбырасын ұлына сыйлады.

Мейрамбек Беспаев кім? 
 

Мейрамбек Беспаев — қазақ эстрадасының танымал әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының мүшесі. Ол 1976 жылғы 7 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Өнерге бала кезінен араласып, халыққа ерте танылған.

Әнші бала күнінде «Гауһартас» әнін орындауымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Қоңыр даусы мен өзіндік орындау мәнері оның өнердегі қолтаңбасына айналды. Репертуарында халық әндері, дәстүрлі шығармалар және эстрадалық туындылар бар.

Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге «МузАРТ» тобында өнер көрсетеді. Өнер ұжымы қазақ тыңдарманына кеңінен танылып, көптеген әні халық арасында орындалып жүр. Әнші жеке орындаушы ретінде де шығармашылықпен айналысады.