Мақпал Жүнісова Мейрамбектің тойына неге бармағанын түсіндірді

Мақпал Жүнісова Мейрамбектің тойына неге бармағанын түсіндірді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Мақпал Жүнісова Мейрамбек Беспаевтың мерейтойына қатыса алмауының себебін айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол бұған дейін басқа тойларға баруға келісіп қойған, деп хабарлайды ult.kz.

Мақпал Жүнісова шақырту туралы бір күн бұрын білгенін жеткізді. Алайда бір-екі ай бұрын берген уәдесінен бас тартуды жөн көрмеген.

“Мейрамбек, біріншіден, кеше айтты. Менің бір-екі ай бұрын келісіп қойған тойларым бар. Оларға қалай тақалғанда жоқ дейсің? Сондықтан үлгермедім. Мейрамбек, 100 жаса! Халыққа берерің көп болсын”, – деді әнші.

Айта кетейік, Беспаевтың тойында Арман Дүйсеновтің аты ерекше аталып, әйеліне қымбат сыйлық берілді. 

Мейрамбек Беспаев кім? 
 

Мейрамбек Беспаев – қазақстандық әнші, термеші, “МузАРТ” тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бала кезінен сахнаға шығып, Алтынбек Қоразбаевтың “Бозторғай” әнін орындау арқылы көпшілікке танылған. Алтынбек Қоразбаев – оның өнердегі ұстазы.

Әнші Тараздағы Глинка атындағы музыкалық мектептің қобыз сыныбында білім алған. Кейін Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепте оқуын жалғастырған. Репертуарында “Бозторғай”, “Кеш жарық”, “Шаш-баулым”, “Өз елім” секілді шығармалар бар.

2001 жылы Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевпен бірге “МузАРТ” тобын құрған. Кейін топ құрамына Кенжебек Жанәбілов қосылған. Өнер иесі жеке әнші ретінде де, топ құрамында да тыңдарман ықыласына бөленді. Жұбайы – Мархабат, қызы – Кәусар, ұлы – Әбухайыр.