First Choice тобының солисі, америкалық әнші Рошель Флеминг 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.
Әнші 5 қарашада Филадельфияда көз жұмған. Қаралы хабарды келесі күні отбасының атынан оның ұзақ жылдар бойғы менеджері Джордж Из Коррейя жеткізген. Өлімінің себебі жарияланған жоқ.
Рошель Флеминг 1971 жылы First Choice тобын құрған. Ұжым “Armed and Extremely Dangerous”, “Doctor Love” және “Let No Man Put Asunder” әндерімен танылып, диско мен R&B музыкасында өзіндік із қалдырды.
Топ тарағаннан кейін өнер иесі жеке шығармашылығын жалғастырды. Оның орындауындағы туындылар кейінгі буын музыканттарының шығармашылығына да ықпал етті.