Ақмола облысында 15 жаңа шетелдік автокөлік тиелген екі автовоз жол апатына ұшырады. Оқиға Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, FAW маркалы автовоздардың шетелдік жүргізушілері Қорғастан Ресейге қарай бағыт алған. Ауыр жүк көліктері 15 жаңа автокөлік тасымалдап келе жатқан.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жолдағы көктайғақ салдарынан алғашқы автовоздың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан екі ауыр жүк көлігі де жолдан шығып, жол жиегіндегі шұңқырға аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты автовоз жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.