Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматының үш туристік нысаны әлемдегі үздік туристік бағыттардың қатарына енді

Алматының үш туристік нысаны әлемдегі үздік туристік бағыттардың қатарына енді
ашық дереккөзден

Алматы қаласындағы үш туристік нысан әлемдегі үздік туристік бағыттардың халықаралық рейтингіне енді, деп хабарлайды ult.kz.

Олардың қатарында Кімасар шатқалы, Бутаковка шатқалы және Шымбұлақ аспалы жолы бар. Аталған нысандар 2026 жылғы The Worldworthy 100 халықаралық рейтингінен орын алды.

Рейтинг нәтижесі бойынша, Кімасар шатқалы әлемдегі үздік 100 жаяу туристік бағыттың арасында 56-орынға тұрақтаса, Бутаковка шатқалы 79-орынға ие болды. Ал Шымбұлақ аспалы жолы үздік аспалы жолдар тізімінде 9-орынға жайғасты.

Айта кетейік, The Worldworthy 100 - әлемдегі ең көрнекті туристік нысандар мен бағыттарды біріктіретін халықаралық рейтинг.

Алматының таулы аймақтары жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды. 2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 1,6 миллионнан астам адам барған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енгендігін хабарлаған едік