Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы облысының тауларында сирек кездесетін жыртқыш құс фототұзаққа түсіп қалды

Алматы облысының тауларында сирек кездесетін жыртқыш құс фототұзаққа түсіп қалды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұсынған бейнежазбадан алынған скриншот.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орнатылған фототұзақ бүркітті таспаға түсірді, деп хабарлайды ult.kz.

Бүркіт – қаршыға тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құстардың бірі. Қазақстанда ол еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда, сондай-ақ басқа да өңірлерде кездеседі.

Бүркіт саны азайып бара жатқан сирек кездесетін құс түріне жатады және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Құстарға төнетін негізгі қауіптердің қатарында заңсыз аулау, ұяларынан балапандарын алып кету және электр беру желілеріне соғылып қырылу жағдайлары бар.

Фототұзақтардың көмегімен жабайы жануарлардың мінез-құлқын зерттеп, олардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмей, популяциясының жай-күйін бақылауға болады.