Freedom Inside '26

Жігіт қарындасын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Жігіт қарындасын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
Фото: РИА

Мәскеудің шығыс бөлігінде жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Ер адам өз туған қарындасын өлтіріп, мәйітін бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды ult.kz.

РИА мәліметінше, әйелдің дене бөліктері пәтер ішінен табылған пакеттердің арасынан анықталған. Қылмысқа күдікті ретінде марқұмның туған ағасы ұсталды.

Тергеу барысында күдікті қарындасын тұрмыстық жанжал кезінде өлтіргенін мойындаған. Оның айтуынша, екеуінің арасында жанжал туындап, арты қайғылы оқиғаға ұласқан. Кейін ол қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті бөлшектеп, дене бөліктерін пакеттерге салып қойған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қылмыстың нақты себептері мен оның қалай жасалғанын анықтауда.

Бұл оқиға Мәскеу тұрғындарының арасында үлкен резонанс туғызып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.