23 шілдеде әлеуметтік желілерде Адилет Меканов есімді қолданушы Instagram парақшасында Ош қаласына қарасты ауылдардың бірінде болған отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Аталған дерек сол күні Ош қалалық полиция басқармасының Сулайман-Тоо полиция бөліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру басталды.
Тексеру барысында бейнежазбада көрсетілген азаматтардың Ош қаласының тұрғындары екені анықталды. Олар – 1990 жылы туған Т.Ж., оның жұбайы 1996 жылы туған Д.А. және олардың 2020 жылы туған ұлы М.Ұ.
Сондай-ақ тергеу барысында әлеуметтік желіде 2026 жылғы 23 шілдеде жарияланған бейнежазбадағы оқиғаның шын мәнінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда түсірілгені белгілі болды.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың бірге тұрмайтыны анықталды. Әйелі Д.А. полицияға арыз жазудан бас тартқан.
Соған қарамастан, отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында азамат Т.Ж.-ға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.