Freedom Inside '26

Жанәбілов ісі: ерлі-зайыпты рақымшылыққа ілінбеді

Жанәбілов ісі: ерлі-зайыпты рақымшылыққа ілінбеді
Ерболат Жанәбіловтің жеке архивінен

Астанада сотталған блогер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова рақымшылыққа ілікпейді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Ерлі-зайыпты алдын ала сөз байласып, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айыппен сотталған. Сот үкімі бойынша Ерболат Жанәбілов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылса, Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Министрлік өкілінің айтуынша, рақымшылық қолданылуы үшін келтірілген залал толық өтелуі қажет. Алайда бұл іс бойынша залал өтелмеген.

«Олар ауырлығы орташа қылмыс жасаған. Бірақ залал өтелмегендіктен, рақымшылық шарасы қолданылмайды», — деді Санжар Әділов Мәжілістегі брифингте.

Айта кетейік, Эльмира Төлегенованың жазасын өтеуі үш баласының болуына байланысты кейінге шегерілген.